Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
489.3 578.94 6.38

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы заңмен қорғалады

Бүгін, 11:18 018.kz

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Департамент өткен жылдың ішінде 451 мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз етті. Жүргізілген талдау көрсеткендей, бұзушылықтардың көпшілігі қызметкерлердің іссапар шығындары мен еңбек демалысы төлемдерін уақытылы өтеу барысында орын алған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер жалпы сомасы 2,5 млн-ға жуық теңгені құрайтын іссапар шығыстары өтелді.

Сондай-ақ, мониторинг барысында жыл сайынғы еңбек демалысына қаражатты уақытылы төлемеу фактілері анықталды. Департаментпен тиісті төлемдерді кешіктіргені үшін қызметкерлердң пайдасына жалпы сомасы 267 195 теңгеден астам өсімпұл өндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасуда, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.

Бұдан бөлек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы) қызметкерінің шағымын қарау мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстың жарқын көрінісі бола алады.

2025 жылғы желтоқсанда Департаментке келіп түскен шағым негізінде Инспекцияға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы Қағидаларын, бұзу фактілері анықталды.

Мәселен, теріс қылық жасау туралы анықтама түскен күннен бастап  персоналды басқару қызметімен  мемлекеттік қызметшіден түсіндірме талап етілмеген және оның тәртіптік теріс қылық фактісімен келіспегеніне қарамастан, қызметтік тергеп-тексеру тағайындалмаған.  Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысында арыз иесінің  тәртіптік теріс қылық жасағаны және оның кінәсі толық, әрі жан-жақты дәлелденбеген,   анықталған бұзушылықтар үшін оның тікелей жауаптылығы айқындалмаған.

Сонымен қоса,  тәртіптік комиссия төрағасы дауыс беру рәсіміне қатыспағаны анықталды.

Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере отырып, Департаментпен Инспекцияда жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолданып, қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылды. 

Өз кезегінде, аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ал мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив