Cемей-23°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
496.85 585.54 6.49

Семейде 35 аула абаттандырылды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында 2025 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары айқындалды. Негізгі назар жылумен жабдықтау, сумен қамту және аулаларды абаттандыру мәселелеріне аударылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты аясында  Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рустам Айтқұлов кеңінен тарқатты.

Оның айтуынша, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Қаланың жылумен жабдықталуын 21 қазандық пен ЖЭО-1 қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 76 орталық жылу пункті мен 92 қазандық агрегаты жұмыс істеуде. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 325,5 шақырымды құрайды.

Жылыту маусымына дайындық аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және жергілікті бюджеттен 4,9 млрд теңге бөлінді. Қаражат есебінен 13 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

– Барлық жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды. Жылыту маусымы 2025 жылғы 29 қыркүйекте штаттық режимде басталды. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры толық көлемде жылумен қамтамасыз етілді, апатты жағдайларға жол берілген жоқ, – деді Рустам Айтқұлов.

Жөндеу науқаны шеңберінде қазандық агрегаттары мен бу қазандықтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді, ЖЭО-1 турбинасында іске қосу-баптау жұмыстары аяқталды, тарату құрылғылары жөнделді. Березовский кентінде жылу желісі толық жаңартылды.

- Сумен жабдықтау және су бұру саласында 2025 жылы 14 жоба іске асырылды, оның ішінде 7 жоба мемлекеттік арнайы қор есебінен қаржыландырылды. Барлық нысандар белгіленген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілді. Қаланың бірқатар шағынаудандары мен жеке сектор тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау желілеріне қосылу мүмкіндігіне ие болды, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. 2025 жылы 35 аула аумағы абаттандырылды. Жұмыстар балалар және спорт алаңдарын орнатуды, жарықтандыру жүргізуді және көгалдандыруды қамтыды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив