2023 жылы Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салудың 33 жобасы іске асырылады
2023 жылы Абай облысында Березовский, Лодочный, Мұрат, Половинки кенті, Алматы көшесі ауданында су құбырының құрылысы аяқталады. 2024-2025 жылдары Бобровка, Восход, Водный, Зағиптар қоғамы, Красный кордон және т.б. ауылдарда сумен жабдықтау желілері салынады.
Қазіргі уақытта Абай облысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9% құрайды. Өңірдің 327 елді мекенінің 35-і орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алмайды, оның 138-і жергілікті сумен жабдықтауды пайдаланады. Әлі де орталық сумен жабдықтау жоқ 52 көше, оның ішінде Шымкент көшесі, Теміржолшылар кенті, Дачная 1-ден 12-ге дейінгі және т.б. Олар үшін тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау желілерін салу жобалары әзірленетін болады.
Айта кету керек, кейбір қолданыстағы желілер жөндеуді қажет етеді. Облыс бойынша су құбыры желілерінің орташа тозуы - 51,0%, оның ішінде Семей қаласы бойынша - 66 %, Аягөз қаласы бойынша - 65 %, Курчатов қаласы бойынша - 85% құрайды. 2023 жылы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, су бұру желілерінің неғұрлым авариялық учаскелерін ауыстыру үшін 2025-2026 жылдарға арналған қайта құру жоспары жасалды, сондай-ақ Абай облысын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде 2025-2027 жылдары Семей, Курчатов және Аягөз қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңарту көзделуде.