Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

28-04-2023, 10:05 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласында ұзындығы 8 км арық желісін салу жоспарлануда. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті қабылдау кезінде хабарлады. 

Қабылдау кезінде Аягөз қаласының тұрғыны жыл сайын еріген су тасқыны салдарынан үйінің тозып кеткені туралы шағым түсірді.

Қабылдауда айтылған тағы бір мәселе Семейде және барлық аймақта балалар мен ересектерге арналған теннис корттарының тапшылығына қатысты болды. Өңір басшысы бүгінгі таңда Семей қаласында үлкен теннис жекеменшік мектебі жұмыс істейтінін, алайда кәсіби теннис кортының болмауы оқу процесін қиындатып, қалада осы спорт түрінің кеңінен дамуына кедергі келтіретінін түсіндірді.

Сонымен қатар, тұрғындар мүгедектігі бар балаларды қолдау және мүгедектер арбасына таңылған адамдар үшін қолжетімді орта құру, бизнесті субсидиялау және әлеуметтік сипаттағы жеке мәселелер бойынша әкімге жүгінді.

Нұрлан Ұранхаев барлық өтініштерге толық жауап берді. Мемлекеттік органдардың басшыларына заң шеңберінде азаматтардың проблемаларын шешуге жәрдемдесу туралы тапсырмалар берді. Егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауы 8 (7222) 52-39-21 телефоны бойынша алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив