Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

«BALA PARK» ойын-сауық орталығында орын алған өрт сөндірілді

3-03-2026, 23:08 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы ойын-сауық кешенінде шыққан өрт толықтай сөндірілді.

Бұл туралы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының басшысы Руслан Байтұрсынов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресми дерекке сәйкес, оқиға салдарынан адам шығыны тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта нысанда құрылысты бұзу және аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті оқшаулау кезінде 23 бірлік техника мен 120 жеке құрам жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив