Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.09 577.34 6.41

Конституция – стратегиялық таңдау: Абай ауданының тұрғындары жаңа Ата Заңды қолдайды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына қарасты Абай ауданында конституциялық реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға белсенді азаматтық ұстанымы бар тұрғындар қатысып, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері жергілікті әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен жүздесті.

Кездесу барысында ұсынылған өзгерістердің мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, саяси жаңғыртудың рөлі, билік тармақтарының теңгерімін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту мәселелері кеңінен сөз болды.

Сенат депутаты Қайрат Тастекеев жаңа Конституция жобасы әділетті қоғам құрудың берік негізіне айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халық еркін білдіретін маңызды саяси құрал, сондықтан әр азаматтың дауысы айрықша мәнге ие.

Жиында жастар саясаты да назардан тыс қалмады. Жастар Рухы жастар қанатының өкілі Темірлан Бақтияров конституциялық реформалар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңін ашатынын жеткізді. Ол ұсынылған өзгерістер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық белсенділігін күшейтуге және мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуын кеңейтуге ықпал ететінін айтты.

Әлеуметтік сала өкілдері өз ұсыныстарын білдіріп, сауалдарына жауап алды. Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа Ата Заң елдің стратегиялық дамуына бағытталған маңызды құжат екенін атап өтіп, оны қолдайтындарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив