Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.09 577.34 6.41

Жарма ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдауда

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Жарма ауданында тұрғындар мен еңбек ұжымдары жаңа Конституцияны қолдайтын ортақ ұстанымдарын білдірді. Кездесулер барысында қатысушылар жаңа Ата Заң әлеуметтік кепілдіктерді күшейтіп, елдің әділетті әрі прогрессивті дамуына жол ашатынын атап өтті.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері аудан белсенділерімен, медицина, теміржол және білім саласының өкілдерімен жүздесті. Аудан активімен өткен кездесуде мемлекеттік басқаруды реформалау және жаңа Конституцияның стратегиялық маңызы талқыланды.

Коалиция мүшесі Қайрат Смағұлов алдағы өзгерістердің өңірлік даму үшін маңызына тоқталып, жаңа құжат биліктің халық алдындағы есептілігін күшейтіп, аудандардың дамуына серпін беретінін айтты.

Калбатау ауылындағы Орталық аурухана ұжымымен кездесуде денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер сөз болды. Аурухананың заңгері Сауле Түсіпбаева Конституция жобасында адам капиталын дамытуға басымдық берілгенін, бұл сапалы медициналық көмек пен маман мәртебесін қорғауға мүмкіндік жасайтынын жеткізді.

Шар қаласында «Қамқор Локомотив» депосының теміржолшыларымен кездесу өтті. Коалиция мүшесі Руслан Шельдебаев реформалардың әлеуметтік бағытына тоқталып, еңбек адамдарының құқықтары мен әділ жалақы мәселесіне ерекше мән берілгенін атап өтті.

Сондай-ақ Жарма технологиялық колледжі ұжымымен өткен дөңгелек үстелде білім беру, инновация және ғылыми-техникалық шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Аудандағы кездесулер жаңа Конституция жобасына қоғамның жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетті. Қатысушылар ұсынылған өзгерістерді «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам деп бағалап, оның іске асуы әрбір отбасының әл-ауқатына оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив