Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.09 577.34 6.41

Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында Қазақстанда әлеуметтік инфрақұрылымның 27 683 нысаны толықтай бейімделді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Аманат» партиясының Жол картасында 2023–2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100% бейімделуі тиіс.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ел бойынша 34 320 нысанды бейімдеу жоспарланған, соның ішінде 27 683 нысанында бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы санының 65%-ын құрайды.

Аталған 27 683 нысанның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімділері:

  • денсаулық сақтау нысандары – 4 570;
  • білім беру нысандары – 9 083;
  • мәдениет нысандары – 2 166;
  • сауда және қызмет көрсету нысандары – 5 314;
  • мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 4012;
  • өзге де нысандар – 2 538.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өңірлер бойынша бейімделген нысандар саны:

  • Астана қаласы – 810 нысан;
  • Алматы қаласы – 5 780 нысан;
  • Шымкент қаласы – 1 401 нысан;
  • Абай облысы – 872 нысан;
  • Ақмола облысы – 1 265 нысан;
  • Ақтөбе облысы – 898 нысан;
  • Алматы облысы – 1 055 нысан;
  • Атырау облысы – 1 438 нысан;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1 221 нысан;
  • Жамбыл облысы – 1 084 нысан;
  • Жетісу облысы – 954 нысан;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 360 нысан;
  • Қарағанды облысы – 1 281 нысан;
  • Қостанай облысы – 1 367 нысан;
  • Қызылорда облысы – 1 567 нысан;
  • Маңғыстау облысы – 703 нысан;
  • Павлодар облысы – 1 158 нысан;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 038 нысан;
  • Түркістан облысы – 2 286 нысан;
  • Ұлытау облысы – 145 нысан.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Рамазан Мұқатаев: «Жалпы қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып, барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Нысан иелері оларды құрылыс нормаларына сәйкестендіруге тырысуда. Көптеген кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар шағымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, кіру топтарын аяқтайды. Сауда орталықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды, енді оларға мүгедектігі бар адамдар, әсіресе кресло-арбалармен қозғалатындар кедергісіз бара алады. Мысалы, біздің қаладағы "РИО" сауда орталығы. М. Ғабдуллин атындағы мұражайдың қолжетімділік деңгейіне және көшпелі көрмелерді ұйымдастыру мүмкіндіктеріне таң қалдым», – деп бөлісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив