Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.09 577.34 6.41

Жезкент кентінде республикалық референдум бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жезкент кентінің Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Эльдар Төлегенұлы Қонорбаев ауыл тұрғындарымен «Республикалық референдум» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістермен таныстыру, алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіру және әрбір азаматтың мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдаудағы рөлін айқындау болды.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының басым бағыттары мен ұсынылып отырған өзгерістердің мәні жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ білім беру мен ғылым саласындағы реформалар, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейту мәселелері қозғалды.

Ауыл тұрғындары талқыланған тақырыптарға белсенділік танытып, сауалдарын қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу ашық әрі іскерлік форматта өтті.

Іс-шара қорытындысында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтіліп, конституциялық реформалар мен алдағы референдум мәселелері бойынша халықпен ашық диалогты нығайту қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив