Абай облысында «Дауыс» коалициясы 858 тәуелсіз байқаушыны референдумға жұмылдырады
2026 жылғы 4 наурызда Абай облысы бойынша «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының филиалы баспасөз конференциясын өткізді. Алдағы референдум қарсаңында өңірдегі сайлау учаскелерінің құрылымы мен коалиция атынан қатысатын тәуелсіз байқаушылар құрамы толық айқындалды.
Аумақтық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, облыс бойынша барлығы 465 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 36-сы – жабық, 429-ы – ашық форматта жұмыс істейді.
Ашық учаскелерге «бір учаскеге – екі байқаушы» қағидатына сай коалиция тарапынан 858 тәуелсіз байқаушы жіберіледі. Байқаушылар корпусы жоғары дайындық деңгейімен ерекшеленеді.
Бақылаудың негізгі мақсаты:
-
дауыс беру, дауыстарды санау және референдум қорытындыларын айқындау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
-
референдум үдерісіне жан-жақты бағалау жүргізу;
-
әділ әрі ашық өтуге қауіп төндіретін мән-жайлар мен құқық бұзушылықтарды анықтау.
Қала және аудандар бойынша байқаушылардың бөлінісі төмендегідей:
• Семей — 220 байқаушы
• Курчатов — 22 байқаушы
• Абай ауданы — 24 байқаушы
• Ақсуат ауданы — 46 байқаушы
• Аягөз ауданы — 80 байқаушы
• Бесқарағай ауданы — 62 байқаушы
• Бородулиха ауданы — 86 байқаушы
• Жарма ауданы — 84 байқаушы
• Көкпекті ауданы — 54 байқаушы
• Үржар ауданы — 86 байқаушы
• Жаңасемей ауданы — 44 байқаушы
• Мақаншы ауданы — 50 байқаушы
Оқыту үдерісі теория мен практиканы ұштастыру қағидатына негізделген. Қатысушылар нақты кейстерді талдап, практикалық тапсырмалар орындайды. Бұл тәсіл олардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, дауыс беру күні туындауы мүмкін түрлі жағдайларға дайын болуына мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Абай облысы бойынша «Дауыс» коалициясы сайлау учаскелерінің 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар өңірде тәуелсіз бақылауды өзге де үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар жүзеге асыратын болады.