Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.09 577.34 6.41

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы өкілдерімен референдум тақырыбында кездесу өтті

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-насихаттық кездесулер жалғасуда. Осы ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен мазмұнды жиын ұйымдастырылды.

Іс-шараға коалиция мүшелері, Абай облыстық мәслихатының депутаттары Бауыржан Қайрамбаев, Марат Құрманбай, Рафаиль Хазипов, Мұхамедқали Қасқабаев және Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Ермек Әбілмәжінов қатысты. Спикерлер конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың қоғамға әсері және ел дамуына қосар үлесі жайлы сөз сөйледі.

Марат Құрманбай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті: «Олардың еңбегі – елдегі тұрақтылық пен жайлы өмірдің кепілі. Конституциялық өзгерістер әрбір сала қызметкерінің құқықтық қорғалуын күшейтіп, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс».

Рафаиль Хазипов пен Мұхамедқали Қасқабаев референдумның қоғамдық маңызын ерекше атап, жалпыхалықтық дауыс берудің демократиялық қағидаттардың көрінісі әрі ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам екенін жеткізді.

Бауыржан Қайрамбаев пен Ермек Әбілмәжінов конституциялық өзгерістерді қолдаудың тұрақты құқықтық ережелер мен өңірдің орнықты дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

Кездесу барысында сала қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Еркін форматтағы жиын қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив