Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті

5-03-2026, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.

Президент пен Тақ мұрагері қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді.

Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты.

Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады.

Тараптар екіжақты қатынастарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру, сондай-ақ халықаралық аренадағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында тұрақты саяси диалогты арттыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив