Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Тау Семей қаласындағы №51 орта мектепте ұстаздар қауымымен кездесті. Жиынға «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш және Абай облыстық мәслихатының депутаты Эльзира Солтабаева қатысты.
Кездесу барысында Нұргүл Тау білім, ғылым және инновацияны дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, бұл бағыттардың стратегиялық деңгейде айқындалуы болашақ ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Жаңа Конституция мықты мемлекет пен әділетті қоғам қалыптастыруға, сондай-ақ әрбір азаматтың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.
Алмас Айтмұқаш білім саласына инвестиция салудың маңызын айтып, жастарды қолдау тұрақты дамудың негізгі шарты екенін жеткізді. Эльзира Солтабаева инновациялық жобалар мен стартаптарды дамыту елдің экономикалық әрі интеллектуалдық әлеуетін арттыруға жол ашатынын атап өтті.
Кездесу соңында спикерлер жастардың білім алуына, инновацияға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.





