Абай облыстық жастар мәслихатының депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді
Жастар мәслихатының бірінші отырысы бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен өтті.
Іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов пен БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста өңір басшысы депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді салтанатты түрде табыс етіп, жас депутаттардың алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Жастар - біздің тәуелсіз қоғамымыз бен Егемен еліміздің болашағы! Сіздер нағыз кәсіпқой, Қазақстанның тірегісіздер. Айта кету керек, жастар мәслихатының маңызды мақсаттарының бірі кадрлық резервті қалыптастыру болып табылады және Сіздердің әрқайсыларыңыз облысымыздың дамуына үлес қосуларыңыз керек. Біз өз кезегінде Сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әрқашан дайынбыз. Сіздерге тек сәттілік тілеймін!»,- деді әкім Нұрлан Ұранхаев.
Айта кетейік, Абай облыстық жастар мәслихаты жастармен байланысты нығайту, жастардың мемлекеттік үдерістерге қатысу құқығын қамтамасыз ету, әлеуметтік лифт функциясын орындау және жастарды сайлау үдерістеріне дайындауды жүзеге асыру үшін жұмыс істейтін болады.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ