Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 354 жұмыскердің құқығын қорғады

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым берілді және 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2026 жылғы 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1125 тексеру жүргізді, оның барысында 1228 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1055; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161; халықты жұмыспен қамту бойынша – 12.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив