Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалы ұжымымен кездесті
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалының мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында конституциялық деңгейде кепілдік берілген әділетті Қазақстан, заң және тәртіп қағидаттары сөз болды.
Коалиция мүшесі Анатолий Калинкин жаңа Конституция жобасында мемлекеттің адам құқықтарын сақтау үшін барлық салада кепілдік берілетінін атап өтті. Сонымен қатар, жұмысшылардың құқықтары мен еңбек жағдайлары заңмен қорғалатыны, сондай-ақ адамның жеке қабілеттерін дамытуға жасалатын қамқорлықтар туралы баяндалды.
Өңірлік коалиция мүшесі Айрат Базенов жаңа Конституцияда мемлекет табиғи ресурстарға емес, адами капиталға және оның жетістіктеріне сүйенетінін атап өтті. «Сондықтан білім, ғылым және инновациялар құжаттың басты идеясына айналды», – деді ол.
Кездесу барысында байланыс саласының қызметкерлеріне жаңа Конституция бойынша азаматтар үшін қажетті ақпараттар жеткізілді. Заң нормаларын қайта қарау арқылы адам құқықтарын жоғары деңгейде қорғау идеясы қызметкерлер тарапынан қолдау тапты.





