Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» форматындағы 4-ші СІМК жұмысына қатысты

28-04-2023, 18:40 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 4-ші кеңесінің жұмысына қатысты.

Министрлік кездесуіне қатысушылар күн тәртібіне сәйкес мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия – Қытай» алғашқы Саммитіне дайындық мәселелерін, осы диалог форматына қатысушы мемлекеттер арасындағы түрлі бағыттар бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары мен контурларын талқылады, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Министр М. Нұртілеу өз сөзінде сауданы арттыру, экспорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, су мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі күш-жігерді біріктіру, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту және Орталық Азия мен Қытай арасындағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан біздің өңірлік диалогты дамытуға маңызды мән береді және нақты жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын», – деді М. Нұртілеу. «Сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара тиімді әріптестіктің негізгі тіректерінің бірі және Орталық Азия елдері Қытайға экспортты үдемелі ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие», – деп қосты ол.

Орталық Азия елдері және ҚХР арасында 2022 жылғы 70 млрд АҚШ доллары деңгейіндегі тауар айналымының жоспарлы көрсеткіштеріне мерзімінен бұрын қол жеткізілгені және бұл қолда бар әлеуетті айғақтайтыны аталып өтті. Осы ретте Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 24 млрд АҚШ долларынан асты, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34%-ға артық екені мәлімденді.

Кеңес қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай сыртқы істер министрлерінің Ақпараттық коммюникесі қабылданды.

«Орталық Азия – Қытай» форматын құру Қытай тарапының бастамасы. Осы формат шеңберіндегі ынтымақтастықтың басты мақсаты – саяси-дипломатиялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сауда, инвестициялар, көлік, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары технологиялар, қоршаған ортаны қорғау және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив