Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
493.85 571.78 6.25

«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Абай облыстық филиалы жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы кездесулерін жалғастыруда. Сол кездесулердің бірі отандық өндірістегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Семей Инжиниринг» АҚ ұжымымен өтті.

«Семей Инжиниринг» АҚ Қазақстандағы бронетанкалық техниканы күрделі жөндеу және жаңғырту бойынша жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компания қызметтің толық циклін жүзеге асырады: қозғалтқыштарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен резеңке-техникалық бұйымдарды өндіру, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін цифрлық байланыс құралдарын енгізу жұмыстарын атқарады.

Кездесу барысында коалиция өкілдері Ермек Әбілмәжінов, Еркен Сағандықов және Қуаныш Сүлейменов кәсіпорын қызметкерлеріне Халықтық Конституция жобасының негізгі қағидаттары туралы кеңінен ақпарат берді. Олар жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – елдегі әділеттілікті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сондай-ақ экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы еліміздің болашағына бағытталған конституциялық жаңғыру бастамаларын қолдайтындықтарын білдірді. Кәсіпорын қызметкерлері әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы реформалардың маңыздылығын атап, жаңа Конституция жобасы қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, елдің тұрақты әрі тиімді дамуына серпін беретініне сенім білдірді.

Коалиция мүшелері өңірдегі түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар Халықтық Конституция жобасының мазмұны мен маңызын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін хабарлады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив