Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Шәкәрім шаңырағында республикалық театр фестивалі шымылдығын түрді

29-04-2023, 11:05 SHAKARIM UNIVERSITY

Бүгін Шәкәрім университетінде ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «Адамдық борышың...» атты республикалық студенттік театр фестивалі басталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған өнер бәйгесіне еліміздің барлық өңірінен 7 ЖОО қатысуда. Студенттер арасында бастау алған театр бәйгесі 1 мамырға дейін жалғасады. Өнерлі жастарды қолдау мақсатында оқу орны 1 000 000 млн тг көлемінде жүлде қорын бөлді. 

Алғы сөз сөйлеген университет басшысы Бауыржан Ердембеков өнер жарысы университеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жастардың дарынын ұштауға септігін тигізетінін ерекше атап өтті. 

Театр сыншылары мен өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы таңдалған тақырып, сахналық киім үлгісі, декорация, актерлар шеберлігін таразылап, үздіктерді анықтамақ. Қазылар алқасының құрамында Семей қаласының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Жуасбек Ербол, актер, «Дариға-ай» жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұғыманов Еркебұлан, «Дариға-ай» жастар театрының әдеби бөлім меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» Құдайбергенова Гүлжан бар. 

Фестиваль шымылдығы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ақжелкен» студенттік театрының «Қара шекпен» трагедия-комедия жанрындағы қойылымымен ашылды. Тұзар есімді иттің өз иесіне адалдығын көрсететін қойылым адами қасиеттерге құрылған. Жанкештілікпен еңбек еткен ит образы арқылы махаббат пен достық, адалдық пен сатқындық сынды қарама-қарсы қасиеттер спектакльдің түпкі идеясы болып табылады.

- Бұл қойылымның ертегіден бір-ақ айырмашылығы – спектаклдің соңы. Бұл ертегінің нүктесі адалдықты қадірлей алмаған Шопанның қолынан қаза тапқан Тұзардың қазасымен қойылды,- дейді театр ұжымы. 

Байқаудың бірінші күнінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Шың», «Тұран» инновациялық-кәсіпкерлік университетінің «TeART», Қазақ спорт және Туризм университетінің «Руханият», С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Шабыт» театрлары өнер көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив