Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік іс-шара өтті

4-03-2023, 10:24 Думан Кенжеғазыұлы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен жазушы, драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың, танымал театр және кино артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Ләйлә Ақназарқызы Бекназардың және Биологиялық қауіпсіздік саласындағы көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның жеке қорларын Ұлттық архив қорына қабылдау салтанатына арналған «Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараға Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Меруерт Өтекешова, Қазақстан халық артисі, Құрмет орденінің иегері Тілектес Мейрамов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Асылхан Сәулебек, ҚР мәдениет қайраткері Шамшия Балтаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген және басқа да қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында үш кейіпкердің жеке тектік қорларынан құралған көрме ұйымдастырылып, олардың өмір жолына арналған шағын бейнебаяндар көрсетілді.

Анықтама:

Роза Мұқанова Халықаралық кинофестивальдарының бірнеше рет лауреаты атанған. «Мәңгілік бала бейне» пьесасы 18 жыл бойы қазақ театрының сахнасында үздіксіз қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. «Мысықтар патшалығы» пьесасы «Самсунг» компаниясының «Қазіргі заман драматургиясы» жүлдесіне ие болды. 2008 жылы «Шатыр астындағы Мен» атты пьесасы Мемлекеттік Грант жүлдесін иеленді. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, «Жалын» журналының Т. Айбергенов атындағы сыйлығының (1989), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2002).

Ләйлә Бекназардың М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық  драма театрының сахнасында  сомдаған рөлдері: Т. Ахтанов  «Жоғалған дос» - Ғалия, С.Сматаев «Жұлдызым менің жоғары»-Шолпан, Б.Мұқай «Тоят түні»-Баян, М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Шолпан, И.Ғайып  «Мен ішпеген у бар ма?» - Әйгерім,  «Шыңғыс хан» Құлан, У.Шекспир «Асауға тұсау» - Катарина, Б.Атабаев, А.Тасымбеков «Кебенек киген арулар» - Жания, Володин «Кесіртке» - Әнші,  Е.Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» - Зарина, Е.Шварц «Күлше қыз» - Күлше қыз, Ш.Хусайнов «Үкілі Ыбырай» - Алтын, «Парсы аңыздары» - Зарина, М. Байжиев «Қалыңдық пен күйеу» - қалыңдық т.б. секілді сан түрлі рөлдер актриса шеберлігінің шындалуымен көрермендер көзайымына айналды. Ол қазақ театр және кино өнерінің дамуына үздіксіз үлес қосып жүрген актриса, педагог, профессор ретінде елімізге кеңінен танымал тұлғаның бірі.

Күнсұлу Закарья биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының толық мүшесі, Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі. 200-ден астам ғылыми жобаны, оның ішінде 22 халықаралық жобаны қамтитын биотехнология, биоқауіпсіздік және микробиология саласындағы 10 ғылыми-техникалық бағдарламаға басшылықты, үйлестіруді, мониторинг жүргізуді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырды. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы 3 ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі. «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының бірлескен жетекшісі. Дүниежүзілік банктің Технологияларды коммерцияландыру бағдарламалары бойынша 2 байқауының жеңімпазы. COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) инактивтелген вакцинасын әзірлеуші.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив