Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

12-03-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың лекторы — Асель Алибекова, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті, әділет кеңесшісі.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері қарастырылды. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымының құқықтық табиғаты мен мазмұны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың аражігі түсіндірілді. Дәріс барысында қолданыстағы заңнамада көзделген құқық бұзушылық құрамдарының құқықтық белгілері мен ерекшеліктері жан-жақты ашылып, оларды саралау және құқық қолдану тәжірибесіне қатысты түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды мемлекеттік қорғау тетіктері, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілдіктері түсіндірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив