Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.68 568.23 6.2

«Qazaq Astyq Group» ұжымы Конституциялық реформаны қолдайды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Qazaq Astyq Group» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, Конституциялық реформаның негізгі бағыттары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған нормалар, сондай-ақ алдағы республикалық референдумның маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Спикерлердің айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер елдің қоғамдық-саяси дамуына серпін беріп, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Жиын барысында Семей қалалық мәслихатының депутаты Мадина Еділбекова сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция – елдің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат.

«Конституциядағы әрбір норма азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан жаңа Конституция жобасының мән-маңызын халыққа кеңінен түсіндіру – баршамызға ортақ маңызды міндет», – деді Мадина Еділбекова.

Кездесу барысында «Qazaq Astyq Group» ЖШС бірінші бас директордың орынбасары Мақсот Культуркменов сөз сөйлеп, ұжым атынан жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды қолдайтындарын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай бастамалар елдің тұрақты дамуына және қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

«Біз үшін мемлекетіміздің дамуына бағытталған маңызды шешімдерге бейжай қарамау өте маңызды. Ұжымымыз алдағы республикалық референдумның маңызын түсінеді және еліміздің болашағына бағытталған реформаларды қолдайды», – деді Мақсот Культуркменов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив