Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.68 568.23 6.2

Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайлардың болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы №15 қаулысына сәйкес «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары» бекітіліп, арнайы комиссия құрамы жасақталды.

Жоспарға сәйкес, көктемгі су тасқыны кезеңінде аудан бойынша 45 бірлік техника мен құрал-жабдық және 67 қызметкер жұмылдырылатын болады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 1 ЗИЛ-131 (КУНГ) арнайы көлігі, 2 тасымалданатын су сору насосы (мотопомпа) және 1 тіркемелі су сору насосы дайындалды. Жалпы есепте бөлімде 3 су сору насосы бар.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты тарапынан 14 тасымалданатын және 1 тіркемелі су сору насосы әзірленіп, барлығы 15 мотопомпа су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылады.

Инженерлік және ауыр техникамен қамтамасыз ету мақсатында «Ақсуат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан 6 ауыр жүк көлігі, 7 погрузчик, 3 автогрейдер, 2 экскаватор, 1 шынжыртабанды экскаватор, 1 ГАЗ-66 (КУНГ), 3 ассенизатор көлігі, 2 МТЗ-82 тракторы және 1 кран-манипулятор дайындалды.

Ал «ҚазАвтоЖол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан 1 роторлы ЗИЛ-131, 2 КамАЗ, 1 фронталды погрузчик және 2 автогрейдер техникасы жұмылдырылатын болады.

Аудан бойынша қар шығару жұмыстары 2026 жылдың қаңтар айында басталды. Бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 7285 текше метр қар шығарылды. Оның ішінде 450 текше метр қар әлеуметтік осал топтағы азаматтардың (мүгедектер, қарттар, көпбалалы отбасылар және т.б.) тұрғын үйлерінің аулаларынан тазартылды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы жолдар мен көпірлердің жағдайына ерекше назар аударылуда. Республикалық маңызы бар 148 шақырым жолдағы 3 көпір мен 124 су өткізгіш құбырдың бүгінде 3 көпірі және 78 су өткізгіш құбыры тазартылып, жұмыстардың орындалу деңгейі 63 пайызды құрап отыр.

Облыстық маңызы бар 58 шақырым жолда орналасқан 2 көпір мен 35 су өткізгіш құбырда тазалау жұмыстары жалғасуда. Ал аудандық маңызы бар 460 шақырым жолдағы 9 көпір мен 66 су өткізгіш құбыр толық тазартылып, жұмыстар 100 пайыз орындалды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қажетті материалдық қорлар да жасақталды. Бұл бағытта 2,7 млн теңге бөлініп, 5 тонна бензин және 5 тонна дизель отыны дайындалды. Сондай-ақ 10 мың қап пен 100 дана күрек сатып алынып, ауылдық округтерге таратылды.

Қазіргі уақытта 650 тонна инертті материал (құм) және 20 тонна тұз қоры бар.

Айта кету керек, су басу қаупі бар елді мекендерде 2025 жылдың қараша айында шаруашылық тәсілмен арнайы су бөгеттері жасалып, алдын алу шаралары қолға алынған.

Бүгінде Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда, қазіргі уақытта шешімін таппаған немесе күрделі мәселелер тіркелген жоқ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив