Бесқарағай ауданының әкімі сайланды
«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңына сәйкес Бесқарағай ауданының әкімі болып Ділдар Қалиқанұлы Қалиқан сайланды.
Ділдар Қалиқанұлы 1985 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.
2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2015 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын (магистратура) бітірген.
Еңбек жолын бизнес құрылымдарында бастаған. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімі, Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Бұл қызметке дейін Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.