Абай облысының қалалары мен аудандарында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі атап өтілді
Бүгін, 1 мамыр күні елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Барлық этностардың келісімі мен достығын білдіретін мереке әрқашан үлкен көлемде ұйымдастырылады. Абай облысының әр ауданында осы күні концерттер, халықтық мерекелер және спорттық жарыстар мен үлкен іс-шаралар өткізілді.
Үржар ауданында 40-қа жуық мекеме өкілдерінің қатысуымен мерекелік шеру өтті. Шеру ауданның орталық алаңынан орталық стадионға дейін жалғасты. Оның қатысушылары әртүрлі этностардың ұлттық киімдерін киді. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
28 ұлт өкілдері тұратын Бесқарағай ауданында «Бірлігі жарасқан – Бесқарағай» мерекелік іс-шарасы өтті. Мұнда да көпұлтты шеру ұйымдастырылды. Мерекенің жалғасы әр түрлі этностардың бай дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін театрландырылған қойылымдары бар концерттік бағдарлама болды.
Көкпекті ауданы да мерекелік шерумен ерекшеленді. Жергілікті мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары іс-шара қонақтарын аудан тұрғындары арасында ұсынылған ұлттардың ұлттық тағамдары мен мәдениетімен таныстырды. Сондай - ақ, «Ұлттар достығы - бейбітшілік бесігі» байқауы өткізіліп, нәтижесінде қатысушылар мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жарма ауданының тұрғындары Шар қаласында салтанатты іс-шараға жиналды. Алдымен мұнда этнос өкілдерінің шеруі, содан кейін-шығармашылық ұжымдардың, аймақ әртістерінің қатысуымен концерт өтті.
Ақсуат ауылының орталық алаңында халық бірлігі күні атап өтілді. Іс-шара аудан әкімі мен ақсақалдардың құттықтау сөздерімен және жылы лебіздерімен басталды. Шығармашылық кештен соң, мұнда кәсіпкерлер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Абай облысының аудандарында ұйымдастырылған барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.