Мақаншы ауданында инвестициялық жобалар қарқын алып келеді
Мақаншы ауданында инвестициялық белсенділік артып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі едәуір ұлғайып, өсім қарқыны 231,9 пайыз болды. Жеке қаражат есебінен жүзеге асқан инвестициялар да көбейіп, 183,5 пайызға жетті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Дәурен Қойгельдин мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, өңірге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр.
Мақаншы ауылында «Di-Nur company» ЖШС «Жайтөбе май» май өңдеу зауытының құрылысын бастап кетті. Кәсіпорын іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылады жоспарланып отыр. Сонымен қатар серіктестік мал азығын өндіру және асфальт шығаратын өндірістер қатар дамып келеді.
Алдағы кезеңде де бірқатар ірі жобаня жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Мақаншы ауылында «Royal Petrol» жанармай құю бекетін салуға жер бөлінді. Сондай-ақ Қаратал ауылдық округі аумағында «Лукойл» компаниясының жанармай құю бекетін ашу жоспарланған.
Алакөл жағалауында туризмді дамытуға бағытталған ірі бастамалар да бар.
Өңір экономикасы үшін маңызды жобалардың бірі – «Бақты – Аягөз» теміржолы құрылысы. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары басталып, қарқынды жүргізіліп жатыр.
Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі