Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті

3-05-2023, 13:20 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Абай облысы әкімінің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға Абай облысының әкімі, қоғам өкілдері, сондай-ақ басқарма басшылары және барлық деңгейдегі әкімдер қатысты. Нұрлан Ұранхаев Мемлекет басшысының жуырда жариялаған тапсырмалары мен тезистері тұрғысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

– Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің экономикалық саясатының жаңа бағыттарын таныстырып, нақты тапсырмалар берді. Біздің басты мақсатымыз – Президент реформаларын сапалы жүзеге асыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыру. Осы орайда облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жоспарланған шараларды талқылап, пікір алмасу үшін арнайы жиналдық, -деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тек әкімдердің ғана емес, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңес мүшелерінің де атқаратын жұмысының бір бөлігі екенін атап өтті.

– Мәслихаттар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жеңіл популизмге бой алдырмай, жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау – депутаттардың бірінші кезектегі міндеті екенін айтты. Бүгінгі кеңеске барлық деңгейдегі әкімдерді ғана емес, барлық мәслихат депутаттарын, қоғамдық кеңес мүшелерін шақырғанымыз бекер емес. Жергілікті жерлерде барлығыңыз бір мақсат жолында тиімді жұмыс істеп, халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін сындарлы диалог құруларыңыз қажет, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс әкімі қарастырылып отырған мәселелер барлық мүдделі органдар мен ведомстволардың тиімді өзара іс-қимылын талап ететіндіктен, алдағы уақытта мұндай кездесулер жыл сайын өткізілетінін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив