Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Ақсуат ауданына қоныс аударушылар саны артып келеді

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылдың І тоқсанында «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру бағдарламасы» аясында Ақсуат ауданында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Жоспар бойынша 37 адамды қабылдау көзделсе, іс жүзінде бұл көрсеткіш асыра орындалып, 10 отбасыдан тұратын 46 адам өңірлік квотаға енгізілді.

Қоныс аударушылардың басым бөлігі Алматы облысынан келген – 8 отбасы (37 адам). Сонымен қатар, Жетісу облысынан 1 отбасы (5 адам) және Алматы қаласынан 1 отбасы (4 адам) көшіп келген.

Қоныс аударғандардың 25-і еңбекке қабілетті азаматтар. Қазіргі таңда олардың 6-ы тұрақты жұмыспен қамтылған, 4 адам бала күтіміне байланысты үйде отыр, 5 адам – студент, ал 10 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Сонымен қатар, 21 адам еңбекке қабілетсіз санатында: 10 бала – мектепке дейінгі жаста, 8 оқушы және 3 зейнеткер бар.

Бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау да көрсетілуде. Наурыз айында Алматы облысы мен Алматыдан көшіп келген 6 отбасыға тұрғын үй алу үшін жалпы сомасы 42,1 млн теңгеден астам экономикалық ұтқырлық сертификаттары берілді. Бір отбасыға берілетін қаржы көлемі 7 млн теңгеге дейін жетеді.

Сондай-ақ, сәуірдің 25-інен кейін тағы 2 отбасыға 13 млн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Қалған 2 отбасы қажетті құжаттарын тапсырған соң, мемлекеттік қолдауға ие болады.

Жол жүру шығындары да мемлекет есебінен өтеледі. Алдағы уақытта 8 отбасыға (39 адам) жалпы сомасы 12,1 млн теңге көлемінде төлем жасалады. Бұл бір адамға шаққанда шамамен 302 750 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда қосымша 10 отбасы (49 адам) Алматы облысынан Ақсуат ауданына қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Бұл – бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді.

Жалпы, аталған бағдарлама ауданның демографиялық өсіміне және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив