Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Облыс әкімі Семейде өткен ағаш отырғызу шарасына қатысты

25-04-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен телекөпірден соң облыс әкімі Берік Уәли қала тұрғындарымен, жастармен бірге Қарағайлы ықшам ауданында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

Шара барысында биіктігі 3,5–4 метр болатын 200 түп ағаш егілді. Оның ішінде 60 түп алма, 60 түп шаған және 80 түп қарағаш бар. Тазалық акциясына 500-ден астам тұрғын атсалысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін қалада ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды. Жалпы саны 2200 түп ағаш отырғызу жоспарланған.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив