Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.93 541.64 5.71

«Қазақмыс» корпорациясы Аягөз ауданының дамуына үлес қосады

1-05-2026, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Әлібек Мұқатаев және осы компанияның өңірлік даму департаментінің директоры Медет Дүйсембаевпен кездесті.

Кездесу барысында Аягөз ауданында әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін Аягөз ауданы әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Құжат өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Меморандум аясында биыл жалпы құны шамамен 200 млн теңгені құрайтын бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Малгелді ауылдық округіне қарасты Қорық елді мекеніндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу және балалар ойын алаңын салу, Аягөз қаласында Ақтамберді жыраудың 350 жылдығына орай ипподром салу көзделген.

Аймақ басшысы бұл жобалардың іске асуы Аягөз ауданының дамуына серпін беретінін атап өтіп, компания басшылығына бизнестің жауапкершілігі аясындағы қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив