Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Алматыда цифрландыру жағдайындағы архив ісінің дамуын талқылауға арналған конференция өтті

4-05-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда «Цифрлық трансформация жағдайындағы архив ісі мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Польша, Ресей, Қытай, Малайзия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген архив саласының мамандары, сондай-ақ оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференция барысында архив ісін цифрландыру, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар цифрландыру жағдайында кадр даярлау, тарихи мұраны сақтау және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары да қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив