Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басты бағыттары және Қазақстанның 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы барысында іске асырылатын жобалар жайында баяндалды.
Сондай-ақ Президентке ЕАЭО аясында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі Бірлескен мәлімдемені әзірлеу жұмыстарының аяқталғаны туралы айтылды. Құжат экономика саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша интеграциялық бірлестік елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 28-29 мамыр күндері Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Тағыда оқыңыз
Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылдыҚазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияландыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жарияландыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуі