Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Семейде грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды

5-05-2026, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде өткен грек-рим күресінен U-15 жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Сайысқа әлемнің 5 елінен (Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей федерациясы) және Қазақстанның 20 өңірінен келген 300-ден астам спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өзара мықтыны анықтады.

Спорттық доданың бүгінгі марапаттау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысып, 85 келі салмақта жүлдегер атанған балуандарды марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша финалдық бәсекеде Абай облысының балуаны Ерали Мұратов өзбек елінің спортшысын жеңіп, чемпион атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив