Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Семейдегі орталық алаңды жаңғырту жұмысы басталды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және жаңғырту, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Әуелі аймақ басшысы қаланың орталық алаңына барып, қайта жаңғырту жобасымен танысты. Жоба аясында алаң толық абаттандырылып, жасыл желектер отырғызылып, тұрғындардың демалысына қолайлы заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ. Сонымен қатар жаңа субұрқақ орнатылатын болады. Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша, жаңартылған алаң қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

«Қаланың қақ ортасында тұрған алаңға соңғы рет 2014 жылы жөндеу жасалған. Содан бері жөндеу жүргізілмеген. Тақтастары, барлығы ескіріп, тозған. Енді алаңды заман талабына сай жаңартып, пайдалануға береміз», - деді Берік Уәли.

Облыс әкімі қала әкімі мен тиісті басқармаларға жаңғырту жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

Аймақ басшысы Абай көшесі, 99 мекенжайындағы көп жыл бойы жөндеу көрмеген әкімшілік ғимаратты жөндеу жұмысының барысын да тексерді. Достық үйі секілді мекемелер орналасқан ғимараттың қасбеті термопанельдермен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленуде. Сонымен қатар терезе жиектері мен сәндік кронштейндер орнатылып, жарықдиодты шамдар негізіндегі заманауи жарықтандыру жүйесі жүргізілуде.

Облыс әкімі ғимараттың сәулеттік келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай жаңғырту қажеттігін жеткізді.

Қазіргі уақытта аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес шаһардағы бірнеше үйдің қасбеті бірыңғай үлгіде жаңартылып жатыр. Қасбетті жаңарту ғимараттың сыртқы көрінісін жақсартып, қаланың сәулеттік келбетін біріздендіруге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив