Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

ҒЖБМ ғылым мен инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 8 мамыр күні Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Freedom Holding Corp. және Tethercells Limited арасында ниет туралы шартқа қол қою рәсімі өтті. Құжат тараптардың ғылыми-білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, жоғары технологиялық шешімдерді ілгерілету, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, зерттеу бастамаларын қолдау және инновациялық инженерлік технологияларды енгізу бағыттарындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа өзара мүдделілігін айқындайды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар озық технологиялық платформаларды дамытуға, халықаралық академиялық серіктестікті кеңейтуге, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қолдауға және жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ заманауи технологиялар, ғылыми зерттеулер, цифрландыру, инфрақұрылымдық шешімдер салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның инновациялық экожүйесін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

Ниет туралы хатқа қол қою тараптардың сындарлы өзара іс-қимылға, халықаралық серіктестікті дамытуға және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін перспективалы бастамаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге ұмтылысын растайды.

Алдағы жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, халықаралық нормаларға, сондай-ақ өзара құрмет, сенім және серіктестік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив