Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

7 мамырға тарту: Абай гарнизонының офицері 210 шақырым жүгіріп өтті

8-05-2026, 13:31 018.kz

Абай гарнизонының 30217 әскери бөлімінде қызмет атқаратын артиллериялық дивизионының барлау бастығы, аға лейтенант Еламан Оразбек 210 шақырымдық ультрамарафонды сәтті аяқтады. Әскери қызметші аталған қашықтықты 34 сағат 47 минут 38 секунд ішінде еңсерді.

Мәреге жеткен сәтте әскери қызметшіні бөлім командирі подполковник Еркін Жоламанов, жеке құрам және анасы Жадыра Дүйсембаева қарсы алды.

Аталған спорттық іс-шара Отан қорғаушылар күні — 7 мамырға арналды.

Аға лейтенант Еламан Оразбек өз сөзінде бұл ультрамарафонды Отан қорғаушылар күніне арнағанын атап өтіп, әскери қызметкер үшін Отан алдындағы борышты адал орындау басты міндет екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол бұл бастама арқылы төзімділік пен рухани беріктікті көрсетуді мақсат еткенін айтып, өзіне қолдау білдірген бөлім басшылығына, әріптестеріне және жақындарына алғысын білдірді.

Бастама әскери қызметшінің жоғары кәсіби дайындығы мен табандылығының айқын дәлелі болып табылады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив