Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Сурет: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

8-05-2026, 15:50 018.kz

Шайбалы хоккейден аясында Қазақстан ерлер құрамасы мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 4-туры аясында қазақстандық хоккейшілер Украина құрамасымен кездесіп, аса тартысты матч өткізді. Негізгі уақыт пен овертайм 4:4 есебімен аяқталды. Буллиттер сериясында отандастарымыз 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Кездесуде Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко және Батырлан Мұратов шайба соғып, жеңіске үлес қосты.

Қазақстан құрамасының турнирдегі нәтижелері:
• Қазақстан – Литва — 4:1
• Қазақстан – Жапония — 6:0
• Қазақстан – Польша — 3:2
• Қазақстан – Украина — 5:4 (буллитпен)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен болатын. Енді жерлестеріміз ертең топтағы басты фавориттердің бірі саналатын Франция құрамасына қарсы соңғы тур ойынын өткізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив