Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Абай облысында Жеңіс күні кең көлемде атап өтілді

Бүгін, 12:00 018.kz

9 мамыр – Жеңіс күні Абай облысында кең көлемде атап өтілді. Атаулы күнге орай Семей қаласында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыс орталығындағы Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, тыл және еңбек ардагерлері, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен әскери бөлімдердің өкілдері, «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты.

Шара барысында Даңқ гирляндасы мен гүл себеттері қойылып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Аймақ басшысы Жеңіс саябағында мерекеге орай дайындалған майдан ботқасынан дәм татты. 

Мерекелік шара аясында жұртшылық назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, Қадылбек пен Маржан Омаровтар, Гүлдана Ноғайбаева, Мұңлық Сарбасова, халықтық «Ахау Семей» ансамблі және өзге де  шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, патриоттық композициялар мен хореографиялық қойылымдар қойды. 

Біздің өңірден 100 мыңға жуық азамат майданға аттанып, олардың 44 мыңнан астамы туған жерге оралмады. 56 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Айта кетейік, Жеңіс мерекесіне орай облыста 100-ден астам іс-шара өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив