Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөз ауданы мен Тарбағатай ауылы арасындағы жол жөнделіп жатыр

13-05-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл мәселені былтыр Тарбағатай ауылының тұрғындары Абай облысының әкімі Берік Уәлиге жеткізген болатын. Нәтижесінде аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» компаниясымен келісіп, биыл Аягөз – Тарбағатай бағытындағы 66 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілетін болды.

Қазір республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» тасжолының 757-790 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы – 33 шақырымды құрайды.

Бүгінде 9,4 шақырымда жол негізі суық ресайклинг әдісімен жаңартылып, 11 700 шаршы метр аумақтағы ақаулар жойылды. Сондай-ақ 5,8 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон төселді.

Жөндеу жұмыстары жоспарға сай жалғасуда. Құрылысқа 17 арнайы техника тартылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив