Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.17 547.47 6.42

Берік Уәли Бақтыдағы апатты мектепті қалпына келтіріп берді

16-05-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапары барысында Бақты ауылындағы Бейсембай Сахариев атындағы орта мектеп-бақшасында болды.

Білім ордасы 2016 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда мектепте 363 оқушы білім алып, 115 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Оқу орнында 50 мұғалім мен 12 тәрбиеші еңбек етеді. Нысан ғимараты 7 блоктан тұрады.

2022 жылдан бастап ғимарат қабырғаларында жарықшақтар пайда болып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептің төрт блогының біреуі жабылған болатын. Былтыр 15 наурызда аймақ басшысы ауданға жасаған сапары кезінде мектептің жағдайымен арнайы танысып, тиісті комиссия құрып, нысанды апатты деп тану мәселесін қарастыруды тапсырған еді. Кейін білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу барысында мектеп ғимараты толық жаңартылып, бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, спорт залында заман талабына сай шешінетін бөлмелер, жуынатын орындар мен әжетханалар жасалды. Сонымен қатар мектеп ішінен санитарлық тораптар орнатылып, технология кабинетіндегі еден жаңартылды.

Облыс әкімі мектеп ішін аралап көріп, материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік пен қолайлы жағдайды қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Балалардың жақсы жағдайда білім алуы – басты міндеттің бірі. Мектепте қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы орта жасалды. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», – деді Берік Уәли.

Мақаншы ауданындағы білім беру саласы бойынша биыл 5 жоба іске асырылатын болады. Аталған жобалар 4 мектепте және 1 қосымша білім беру ұйымында жүзеге асырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив