Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Семейлік оқушының «FinPredict» жобасы авторлық құқыққа ие болды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері желісіне қарасты мектептің 11-сынып оқушысы Ерзат Маметаев әзірлеген «FinPredict» ғылыми жобасы авторлық құқықпен қорғалды.

Жас зерттеуші жасаған платформа қор нарығындағы акция бағаларын жасанды интеллект көмегімен болжауға арналған. Жобада SARIMAX, Prophet және LSTM сияқты машиналық оқыту модельдері біріктіріліп, акциялар динамикасын талдау және болжам жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар жүйе техникалық талдау жүргізіп, нарық жаңалықтарын ұсынуға, баға өзгерістеріне байланысты смарт-хабарламалар жіберуге және қазақстандық акцияларды бақылауға бейімделген.

Жобаның басты мақсаты – қаржы нарығын талдауға арналған қолжетімді әрі тегін цифрлық құрал ұсыну. Ерзат Маметаев Python тілінде веб-платформа әзірлеп, отандық және халықаралық акциялармен жұмыс істейтін жүйе құрастырғанын айтады. Оның айтуынша, жоба қаржылық сауаттылықты арттыруға және жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Айта кетейік, бұл ғылыми жоба бұған дейін де жоғары бағаланып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік байқауында және Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық зерттеу конкурсында I орын иеленген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив