Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Семейліктер Бауыржан Момышұлының қанатты сөзімен құлағының құрышын қандырады

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы қалаішілік қоғамдық көліктерде даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Әділет», «Адамгершілік», «Ар», «Ұят» туралы тағылымды сөздері тұрақты түрде аудиожүйе арқылы беріліп келеді. Бұл бастама жолаушыларға патриоттық тәрбие беріп, қоғамдық сана мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдаған болатын.

Президент өз сөзінде даңқты қолбасшының ерлігі тек елімізде ғана емес, шетелде де кеңінен танылғанын атап өтіп, оның тұлғалық болмысы мен ерлік жолының ұлт үшін ерекше маңызға ие екенін айтқан еді.

«Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс», – деген болатын Президент.

Бүгінде Семейдегі қоғамдық көліктерде батырдың өнегелі ойларының тұрақты берілуі жолаушылар арасында үлкен қолдау тауып, жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыруға ықпал етіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив