Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Абай облысында жастар саясаты тақырыбында семинар-тренинг басталды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында өңірлердегі жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» оқыту семинар-тренингінің жаңа маусымы басталды.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері және жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты.

Семинар барысында жастармен жұмыс жүргізудегі заманауи бағыттар, олармен тиімді қарым-қатынас құру, талдау нәтижелері негізінде шешім шығару, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Қатысушылар жастар саясатын дамытуда кәсіби біліктілік пен тәжірибелік машықтарды тұрақты түрде жетілдірудің маңызына ерекше тоқталды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде 17-сі облыстық, 37-сі қалалық және 181-і аудандық деңгейде қызмет көрсетеді. Аталған орталықтар жастарға қажетті ақпарат ұсынып, құқықтық кеңес беру, психологиялық қолдау көрсету және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив