Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.77 547.25 6.6

Аида Балаева мен Одрэ Азуле ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азулемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар «La France s’engage» қорымен бірлескен бастамаларды дамыту мәселелерін талқылады. Қордың негізгі миссиясы – Франциядағы әлеуметтік және экологиялық инновацияларды қолдау әрі ілгерілету. Атап айтқанда, қор білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік бейімдеу және цифрлық мүмкіндіктердің тең қолжетімділігі салаларындағы қоғамдық маңызы бар мәселелерге тың шешім ұсынатын жобаларға қолдау көрсетеді.

Әңгіме барысында білім беру, экология және цифрлық тең қолжетімділік бағыттарында ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамалар қаралды. Сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және жастардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау серіктестіктің перспективалы бағыттарының бірі ретінде аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив