Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Сенатта 2025 жылғы Республикалық бюджеттің орындалуы талқыланды

22-05-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қаржы және бюджет комитеті хатшысы Сергей Карплюктің төрағалығымен Республикалық бюджеттің 2025 жылғы орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыста Республикалық бюджеттің орындалуының негізгі параметрлері, соның ішінде кіріс және шығыс бөліктерінің көрсеткіштері, ұлттық жобалардың іске асырылуы, Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуы, сондай-ақ бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыш мәселелері қаралды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттардың алдында баяндама жасады. 2025 жылғы Республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебін Қаржы министрлігінің өкілдері таныстырды. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асыру және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев баяндама жасады. Сондай-ақ есепті кезеңдегі бюджеттің орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы депутаттарға ұсынылды.

Талқылау барысында депутаттар бюджет жоспарлаудың сапасы, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың тиімді орындалуы, бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы, Ұлттық қор қаражатын пайдалану ашықтығы және бұрын берілген ұсынымдардың орындалуы мәселелерін көтерді.

Жұмыс тобының отырысы Үкімет есебін Палата отырысында одан әрі қарауға дайындық аясында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив