Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.45 547.21 6.63

Сенаторлар Әділ Ахметовтің 85 жылдығына арналған шығармашылық кездесуге қатысты

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор әрі дипломат Әділ Ахметовтің 85 жылдығына арналған «Тәңіртау түлегі» атты шығармашылық кездесу өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Нұртөре Жүсіп, Дархан Қыдырәлі, Жанболат Жөргенбаев және Алтынбек Нухұлы қатысты.

Кездесу аясында мерейтой иесінің 85 жылдығына орай жарық көрген төрт кітабының таныстырылымы өтті. Қатысушыларға «Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» монографиясының екінші басылымы, сондай-ақ «Викингтердің ізімен», «Колумбқа дейінгі дәуірдегі америкалық «үндістердің» Алтайдан шығу тегі» және «Колумбқа дейінгі дәуірдегі америкалық «үндістердің» Алтайлық тамырлары» атты еңбектері таныстырылды.

Сөз сөйлегендер Әділ Ахметовтің отандық ғылымның, дипломатия мен қоғамдық қызметтің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Оның ғылыми еңбектері геосаясат, халықаралық қатынастар, өркениеттер сабақтастығы және ежелгі халықтардың шығу тегі мәселелеріне арналған.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауымдастық өкілдері, жазушылар, журналистер мен оқырман қатысты. Кездесу барысында мерейтой иесінің ғылыми мұрасы, гуманитарлық ғылымды дамытуға қосқан үлесі және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі туралы мазмұнды пікір алмасу өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив