Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.45 547.21 6.63

Курчатов ауруханасындағы жөндеу жұмыстары қадағаланды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Курчатов қалалық ауруханасының соматикалық бөліміндегі күрделі жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

1980 жылы пайдалануға берілген типтік төрт қабатты ғимаратта жөндеу жұмыстары биыл 15 мамырда басталған. Құрылыс жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қалалық аурухана тәулік бойғы стационарға арналған 35 төсек-орынға және күндізгі стационарға арналған 31 төсек-орынға есептелген. Жаңартылып жатқан бөлімде терапиялық, педиатриялық, паллиативтік көмек және инфекциялық бөлімшелер, сондай-ақ күндізгі стационар орналасады.

Күрделі жөндеу аясында өрт дабылы, бейнебақылау, оттегі жүйелері жаңартылып, электр желілері мен жарықтандыру жүйелері жөнделеді. Сонымен қатар ішкі әрлеу, еден және төбе жабындарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, биыл ауруханаға заманауи медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланған. Атап айтқанда, ЛОР-комбайн, 4К видеоэндостойкасы, маммографиялық рентген аппараты және цифрлық рентгенографиялық жүйе алынады.

Аймақ басшысы медициналық қызмет сапасын арттыру үшін аурухананы заманауи талаптарға сай жаңғыртудың маңызына тоқталды.

«Медицина мекемелеріндегі жағдай, ең алдымен, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Курчатов қаласының тұрғындары заманауи әрі қолайлы медициналық қызмет алуға тиіс», – деді Берік Уәли.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив