Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.45 547.21 6.63

Абай гарнизонында әскери қызметшілерге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бүгін, 15:50 018.kz

Абай гарнизонының Әскери полиция басқармасы әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткі заттарын пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысқан сала мамандары әскери қызметшілерге қолданыстағы заң талаптарын түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар әскери ортадағы тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестер ұсынды.

Айта кетейік, мұндай профилактикалық кездесулер әскери қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив