Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

25-05-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан-қала әкімдері бейне режим арқылы қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг нәтижелері, сондай-ақ, Абай облысының квазимемлекеттік секторындағы комплаенс-қызметтердің жұмысына жүргізілген талдау қорытындылары қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев баяндады.

Облыс әкімі жиында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі бақылау тетіктерін күшейту және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив