Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.8 545.99 6.6

Құрбан айт кезінде арнайы орындарда ғана мал союға рұқсат етіледі

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді. Осыған байланысты өңірде тағамнан улану, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар талаптар бекітілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Раушан Фатхуллина баяндады.

- Қала аумағында мал сату және құрбандық шалу тек арнайы белгіленген орындарда ғана жүзеге асырылады. Мал сатып алуға арналған орындар ретінде «Северный СЛО» және «Jolaman» сауда-логистикалық орталығы белгіленген. Ал құрбандыққа шалынатын малдарды сою «Семей Вет» ЖШС, «Jolaman» сауда-логистикалық орталығы және «Saikan Agro» ЖШС мал сою пункттерінде жүргізіледі. Құрбандыққа шалынатын мал міндетті түрде ветеринариялық бақылаудан өтіп, тиісті құжаттармен қамтамасыз етілуі қажет. Атап айтқанда, малдың ветеринариялық паспорты, құлақ сырғасы және денсаулығын растайтын құжаттары болуы тиіс. Бұл адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Раушан Фатхуллина.

Сондай-ақ, мал сою орындарында санитариялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады. Нысандарда таза ауыз су, кәріз жүйесі, дезинфекция құралдары мен қалдықтарды залалсыздандыру жүйесі болуы міндетті.

Спикердің айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Тойхана, мейрамхана, кафе, асханаларда үй жағдайында дайындалған тағамдарды пайдалануға жол берілмейді. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болуы және тез бұзылатын тағамдарды сақтау талаптарын сақтау маңызды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив